Астанада жануар құқығын қорғауға арналған митинг өтеді
Митингке қатысушы кез келген адамға ортада сөз сөйлеу мүмкіндігі беріледі.
Айта кетейік, митинг А.Пушкин мен Ш.Құдайбердіұлы көшелерінің қиылысындағы бақта өтеді.
-->Біз – митинг ұйымдастырушылары, жануарларды шикізатқа, яғни адамның рақатын қанағаттандыратын ресурсқа теңестіруге қарсымыз. Барлық жануар – сезімтал тіршілік иелері: олардың да жаны бар, олар да біз сияқты эмоцияларды сезіне алады және олар да далада тентіреп өлгісі келмейді, – делінген ұйымдастырушылардың хабарламасында.
Митингке қатысушы кез келген адамға ортада сөз сөйлеу мүмкіндігі беріледі.
Егер сіз цирктердегі, хайуанаттар бағындағы жануарларға жаныңыз ашып, солардың тағдырына алаңдасаңыз немесе үй жануарларына қатысты жасалатын зорлық-зомбылыққа қарсы болсаңыз, жалпы, жануарлар құқығын қорғау тақырыбына өз айтарыңыз болса, міндетті түрде жиынға келіңіз, – дейді ұйыдастырушылар.
Айта кетейік, митинг А.Пушкин мен Ш.Құдайбердіұлы көшелерінің қиылысындағы бақта өтеді.