Қазақстандықтар қандай жұмыс іздейді
Бір жыл ішінде қашықтан жұмысты іздеушілердің саны 32%-ға өскен, ал мұндай жұмыс ұсынушылар, керісінше, 2%-ға қысқарған. Сондай-ақ қазақстандықтардың еркін графиктегі жұмысқа сұранысы 45%-ға артқан. Адамдар жобалық және уақытша жұмыстарға 47%-ға көбірек қызыға бастаған.
Пандемияның әсерінен жұртшылық кейін де еркін графиктегі жұмысты көбірек іздейтін болған, бірақ жұмыс берушілер біртіндеп бұрынғы қалыпқа көшуге тырысуда, – дейді сарапшылар.
Олардың айтуынша, 2021 жылы ең сұранысқа ие мамандар тізіміне жүргізуші (23%), сатушы (20%) және аспаз (14%) кірген.
Жұмыс іздеу бойынша ең танымал күн – дүйсенбі болса, бос жұмыс орны туралы хабарландырулар көбіне сейсенбіден шығады.
-->Бір жыл ішінде қашықтан жұмысты іздеушілердің саны 32%-ға өскен, ал мұндай жұмыс ұсынушылар, керісінше, 2%-ға қысқарған. Сондай-ақ қазақстандықтардың еркін графиктегі жұмысқа сұранысы 45%-ға артқан. Адамдар жобалық және уақытша жұмыстарға 47%-ға көбірек қызыға бастаған.