Әлеумет

Елордада соғыс ардагерлеріне берілетін әлеуметтік көмек көлемін көбейту ұсынылды

Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық кеңесінің отырысында қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Илья Скуб бұл санатқа кімдер жататынын түсіндірді.

Оның айтуынша, бұл әлеуметтік көмекке Ауғанстан соғысына барған, бұрынғы Кеңес одағының ІІМ құрамында Таулы Карабақ, тәжік-ауған шекарасындағы жанжалдарды тоқтатуға қатысқан адамдар ие болады. Сондай-ақ төтенше жағдай салдарынан жалғыз баспанасынан айырылғандарға 400 АЕК көлемінде әлеуметтік көмек беру ұсынылып отыр. Ал осындай кезде адам қайғылы қазаға ұшыраса, оның отбасына 150 АЕК берілмек.

Қоғамдық кеңес мүшесі Төлеген Қуанышев 1946 жылы Бас қолбасшы Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталғандарды Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері санатына қосу жоспарланып отырған жоқ па деп сұрады.

Илья Скубтың сөзінше, 2020 жылы «Ардагерлер туралы» заң қабылданды. Осы жиында айтылған санаттар сол заңда көрсетілген.

Қоғамдық кеңес төрағасы Зұлпыхар Ғайыпов бұл қолдайтын мәселе екенін, мұны қалалық мәслихаттың VІ шақырылымында депутат Ерлан Сыдықов та көтергенін айта келе, қазір де өзектілігін жоймағанын, тағы да қозғау керектігін атап өтті.

Сондай-ақ жиында жаңа құрамдағы қалалық Қоғамдық кеңестің жұмысын ұйымдастыру бойынша да бірқатар мәселе талқыланды.

                                                                           Аманғали ҚАЛЖАНОВ  

-->

Сонымен қатар бас бостандығынан айыру орындарынан шыққандарға 15 АЕК көлемінде әлеуметтік көмек енгізу жоспарланды. Бірақ адам босап шыққаннан кейін 6 айдан аспаған мерзім ішінде тиісті өтініш түсіруі керек. Бұл қолға алынғалы тұрған шаралар азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсартады. Осыларды іске асыру үшін бюджеттің қосымша қажеттілігі 99,3 миллион теңгені құрайды. Бұрын 61 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек алатындарға осы көмекті 107 мың теңгеге жеткізбекпіз. Мұндай тапсырманы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі берді. Бұл республикада бірыңғай стандартты енгізу, әлеуметтік көмек көлемі бүкіл өңірде бірдей болуы үшін жасалды, - деді Илья Скуб.

Қоғамдық кеңес мүшесі Төлеген Қуанышев 1946 жылы Бас қолбасшы Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталғандарды Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері санатына қосу жоспарланып отырған жоқ па деп сұрады.

Сырт елдердегі соғыстарға қатысқандарға әлеуметтік көмек тағайындағалы жатырмыз. Бірақ өз уақытында тылда жұмыс істеп, елге еңбек сіңіргендерді де елейтін кез келді. Мен Қазақстан бойынша тиісті талдау жасадым, мұндай адамдар бағаланбай қалды. Қазір олар соғыс ардагерлері сияқты азайды. Ең үлкені бүгіндері 95 жаста, ең жасы 90 жаста болуы керек. Оларға да әлеуметтік көмек көрсету керек, - деді Төлеген Қуанышев.

Илья Скубтың сөзінше, 2020 жылы «Ардагерлер туралы» заң қабылданды. Осы жиында айтылған санаттар сол заңда көрсетілген.

Сіздің ұсынысыңызды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қарауы керек. Себебі бұл жүзеге аса қалған жағдайда бүкіл елге жүруі керек. Біз осы мәселені қарастырмадық. Бірақ министрлікке жеткізе аламыз, - деді Илья Скуб.