Әлеумет

«Орысша нұсқасын алып кел!»: Қостанай облысында қандастың жобасы кері қайтарылған

Бұл туралы журналист, «Отандастар» қорының өкілі Нәзира Жәрімбетова facebook-парақшасында жазды.

Жазба авторы мәлімдегендей, Талғат Ахметов болашақ ұйымның қазақ тілінде жазған Жарғысын тіркету үшін қаладағы Халыққа қызмет көрсету орталығына барғанымен, құжаттары қабылданбаған. Басты себеп – Жарғының қазақ тілімен қоса орыс тілінде де дайындалмағаны.

«Отандастар» қорының өкілі мемлекеттік тілдің көксеркенің тұлыбындай көкпарға түскеніне қынжылады.   

-->

Конституциямызда қазақ тілінің мемлекеттік тіл екені айтылған. Қазақстан Республикасындағы тіл туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151 Заңының 4-бабына сәйкес: «Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі» деп белгіленген. Орыс тілі қазақ тілімен бірдей жүретін болса, онда қазақ тіліне неге мемлекеттік тіл деп басымдық беріледі? Неге құжат тек мемлекеттік тілде қабылданбайды? Атамекенге ашыққаннан емес, ана тіліміз үшін асығып едік! - дейді Т.Ахметов.

«Отандастар» қорының өкілі мемлекеттік тілдің көксеркенің тұлыбындай көкпарға түскеніне қынжылады.   

Ол еліміздің осы заңнамаларына сүйене отырып, өз ұстанымын Облыстық әділет департаментінің бастығына жолдады. Департаменттен келген жауапта «ҚР заңды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» заңңың 6-бабына сәйкес, заңды тұлғаның жарғысы қазақ және орыс тілерінде дайындалуы керектігі, осы норманың бұзылғандығы, яғни жарғының орыс тіліндегі нұсқасының болмауына байланысты құжаттың қабылданбағаны айтылады. Сонда бұл заң «бұзылатын» болса, қазақ тілінің мемлекеттік тіл екені нақтыланған Конституция мен тіл туралы заң қайда қалады? Қандас бір заңға сүйенеді, Әділет департаментіндегілер екінші заңды көлденең тартады. Мемлекеттік тіл көк серкенің тұлыбындай көкпарға түскен секілді... – дейді ашынған журналист.