Әлеумет

Атырауда шетелдік келіндер көбейіп барады

Динара Әбілғазиева соңғы он жылдан бері жас жұбайларды салтанатты түрде некеге тіркейді. Жүздеген жұптың бақытына куә болған ол, соңғы кезде ағылшын тіліне сұраныс артқанын айтады. Аралас некеге көзі үйренген.   

Ресми мәлімет бойынша, атыраулық азаматтар соңғы кезде Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан азаматтары арасынан жар етеді екен. Қазақ қыздары болса, аталған мемлекеттен бөлек АҚШ, Түркия мен Қытайға ұзатылып жатыр. Соңғы үш жылда 142 бұрымды өзге мемлекет азаматымен отау құрса, 188 атыраулық өмірлік серігі ретінде шетел қыздарын таңдаған. Мамандардың айтуынша, аралас некені тіркеу міндетті түрде оффлайн жүреді. Құжаттары жан-жақты тексеріледі деп отыр.     

Өткен айдың ішінде 13 ару шетел асса, 16 жігіт өзге елден келін әкелген.

-->

Ресей, Өзбекстан мемлекеттерінен қыз алып жатыр. Ал біздің қазақ қыздары Еуропа мемлекеттеріне тұрмысқа шығып жатқан тойларды өткізіп жүрдім. Ол тойлар көбіне үлкен тойлар болды. Ішінде қазақ салт дәстүрлері де сақталып жатты. "Шашу шашу", "қыз көрімдігін алу" деген сияқты. Басқа елдің қыздары біздің қазақ жігітінің фамилиясын алмайды, – дейді неке тіркеуші Динара Әбілғазина.

Ресми мәлімет бойынша, атыраулық азаматтар соңғы кезде Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан азаматтары арасынан жар етеді екен. Қазақ қыздары болса, аталған мемлекеттен бөлек АҚШ, Түркия мен Қытайға ұзатылып жатыр. Соңғы үш жылда 142 бұрымды өзге мемлекет азаматымен отау құрса, 188 атыраулық өмірлік серігі ретінде шетел қыздарын таңдаған. Мамандардың айтуынша, аралас некені тіркеу міндетті түрде оффлайн жүреді. Құжаттары жан-жақты тексеріледі деп отыр.     

Қай елдің азаматшасы, ол кісіден сол елдің рұхсат қағазын алдырамыз. Ол кісі бұрын тұрмысқа тұрмаған болса, ол жерде егер тұрмыста болып, ажырасқан болса, ажырасқаны жөнінде неке бұзу құжаттарын сұратамыз. Құжаттары Қазақстанға жарамды екені жөнінде міндетті түрде мөр соғылу керек, – деді Атырау қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарлама және азаматтық хал-актілерін тіркеу бөлімі басшысының орынбасары Гүлшат Жұмағалиева.