Әлеумет

Ербол Қарашөкеев: Ғылымның дамуы – қоғам өркендеуінің негізгі көрсеткіші

Сондай-ақ ол ауыл шаруашылығындағы ғылыми білім мен әзірлемелер ауылдық елді мекендердің өмір сапасының артуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етуі тиіс екендігін айтты.

-->

Ғылымның дамуы – кез келген қоғамның өркендеуінің негізгі көрсеткіші. Сондықтан да елімізде ғылым саласын қолдау қашанда мемлекеттік саясаттың басты мақсаттарының бірі болып табылады.

Ғылым қызметкерлерінің еңбегі қай уақытта да ерекше құрметке ие. Сіздер өз еңбектеріңізбен, күш-жігерлеріңізбен еліміздің дамуына баға жетпес үлес қосып келесіздер.

Біздің аграрлық зерттеушілер мен ғалымдардың жетістіктері елімізде ғана емес, әлем елдеріне де кеңінен танымал.

Бүгінгі таңда біздің алдымызда жоғары білікті аграрлық мамандарды даярлау, АӨК кәсіпорындарын ғылыми қамтамасыз ету, өндіріске жаңа технологияларды әзірлеу және енгізумен байланысты ауқымды міндеттер тұр, – деді Е.Қарашөкеев.

Сондай-ақ ол ауыл шаруашылығындағы ғылыми білім мен әзірлемелер ауылдық елді мекендердің өмір сапасының артуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етуі тиіс екендігін айтты.

Ғылымның нақты өндірістен алшақтығын еңсеру, сондай-ақ оны әлемдегі ең озық қолжетімді технологияларды енгізуге қайта бағдарлау басты міндеттердің бірі.

Бүгінгі күні ғылыми-зерттеу институттарының, тәжірибелік станциялардың, тәжірибелік-өндірістік шаруашылықтардың базасында 25 білім тарату орталығы құрылды, сондай-ақ тұрақты консультациялық орталықтар ұйымдастырылды.

Қазақ ұлттық аграрлық университеті және С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне зерттеу университеттері мәртебесі берілді.

Аграрлық ғылымды дамыту мен жоғары білікті кадрларды даярлау АӨК дамытудың нақты локомотивіне айналатынына сенімдімін.

Бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен құттықтап, Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке, ғылым саласында шығармашылық табыстар тілеймін! – деді министр.