Елордада жалғызбасты аналардың митингі өтіп жатыр
9 сәуір 12:29-дағы жағдай бойынша аталған митингке 12 адам жиналған. Олар азаматтардың уақтылы алимент төлеуін талап етіп отыр.
-->9 сәуір 12:29-дағы жағдай бойынша аталған митингке 12 адам жиналған. Олар азаматтардың уақтылы алимент төлеуін талап етіп отыр.
Біздің азаматтар алимент төлеуден бас тартатын болса болашағынан да қашады деген сөз. Өйткені, балалар – біздің болашағымыз. Жалғыз әйел бүкіл отбасыны қамтамасыз ете алмайды. Әсіресе, көпбалалы аналарға қиын. Сол себептен азаматтарымыз өздеріне жауапкершілік алса дейміз. Уақтылы көмек көрсетуін өтінеміз, – деді митингке келген әйел.