Әлеумет

Тегін 10 сотық жер алу үшін қалай кезекке тұру керек (ВИДЕО)

Бұған дейін жер телімін алу үшін қазақстандықтар жергілікті әкімдіктерге жүгініп, кезекте тұрғандар тізімі әкімдіктерде сақталатын.

18 жастан асқан кез келген қазақстандықтың жеке тұрғын үй құрылысы үшін 10 сотық жер телімін тегін алуға құқығы бар. Сізде жылжымайтын мүлік – пәтер, үй, гараж, жер учаскесі бар-жоғы маңызды емес. Бірақ азамат тұрғын үйді пайдалануға беру актісіне қол қойғаннан кейін ғана үй иесі бола алады. Көрсетілген мақсатқа жер учаскелерін қайталап тегін беруге жол берілмейді.

Нәтижесінде азаматқа кезекке тұру туралы анықтама не дәлелді бас тарту беріледі.

Ресми деректерге сүйенсек, бүгінде Қостанай облысында 33 мың адам тегін 10 сотық жер алуға кезекте тұр.

-->

Осы уақытқа дейін порталда екі қызмет жұмыс істемеді – кезекке қою және жер телімін жекеменшікке сату. Ол жұмыс істей бастады, кезек автоматтандырылған. Қазір халық әкімдікке бармай, барлығын электронды түрде алады. Бұл үшін компьютер және ЭЦҚ керек, – деді Қостанай облысы әкімдігінің Цифрландыру, мемлекеттік қызметтерді көрсету және архивтер басқармасының бас маманы Махаббат Сырғабай.

18 жастан асқан кез келген қазақстандықтың жеке тұрғын үй құрылысы үшін 10 сотық жер телімін тегін алуға құқығы бар. Сізде жылжымайтын мүлік – пәтер, үй, гараж, жер учаскесі бар-жоғы маңызды емес. Бірақ азамат тұрғын үйді пайдалануға беру актісіне қол қойғаннан кейін ғана үй иесі бола алады. Көрсетілген мақсатқа жер учаскелерін қайталап тегін беруге жол берілмейді.

Электрондық үкімет порталына өту керек, осы қызметтің атаулары бойынша іздеуді енгізуге болады немесе «Жылжымайтын мүлік» – «Жер қатынастары» бөлімінде «Қарау немесе алу үшін кезекке қою» қызметін таңдауға болады, – деп түсіндірді сарапшы.