Әлеумет

Сочи-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша алғашқы рейс жүзеге асырылды

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы Сочи-Нұрсұлтан-Сочи бағыты бойынша алғашқы рейсті қабылдады.

Ресейлік әуекомпания 7 сәуірден бастап елордаға күн сайын ұшуды жоспарлап отыр. Жолаушылар Superjet 100 ұшағымен ұшады. Борттағы орындардың жалпы саны - 87, олардың ішінде бизнес-класта 12 орын және эконом класта 75 орындық бар.

Бүгін алғашқы рейспен елордаға 23 жолаушы ұшып келді, ал елордадан Сочиге 33 жолаушы ұшып кетті.

-->