Әлеумет

«Халықтың жері ғой»: Шымкент қаласының әкімі халықпен тойханада кездесті

Otyrar.kz басылымы жазғандай, Мұрат Әйтенов пандемия салдарынан халықпен кездесудің сиреп кеткенін айтқан. 

Ол кездесу неліктен тойхана ғимаратында өтіп жатқанын түсіндірді.

-->

Otyrar.kz басылымы жазғандай, Мұрат Әйтенов пандемия салдарынан халықпен кездесудің сиреп кеткенін айтқан. 

Бұрын әкім халықпен жылына бір рет қана кездесетін. Биылдан бастап тоқсан сайын есеп беріп отырамын. «Бұған дейін неге істемедіңдер, енді неге халықпен кездескіш болып қалдыңдар» деп көбі айтуы мүмкін. Екі жыл бойы ковид болды. Тіпті туысқандарымызбен араласа алмай қалдық. Енді соның орнын толықтырамыз, – деді М.Әйтенов. 

Ол кездесу неліктен тойхана ғимаратында өтіп жатқанын түсіндірді.

Енді тойхана халықтың жері ғой. Әрі барлық мүмкіншілігі бар. Кең, жарық, әдемі. Көп халық сыяды. Сондықтан халықпен кездесуге тойхана ыңғайлы, – деді Шымкент қаласының әкімі.