Әлеумет

Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері өседі

Ералы Тоғжановтың айтуынша, өсім 4,2 млн әлеуметтік төлем алушыға оң әсер етеді.

Бұл мақсатқа нақтыланған бюджет жобасында қосымша 111 млрд теңге қарастырылған.

-->

Ералы Тоғжановтың айтуынша, өсім 4,2 млн әлеуметтік төлем алушыға оң әсер етеді.

Инфляция дәлізінің 8-ден 10%-ға дейін өзгеруіне байланысты зейнетақылар мен жәрдемақылардың мөлшерін қосымша тағы 4%-ға индекстеу көзделіп отыр, жиынтығында барлық әлеуметтік төлемдердің 9%-ға, ал ынтымақты зейнетақының 2021 жылға қарағанда 11%-ға өсуін қамтамасыз етеді. Бұл өсім 4,2 млн әлеуметтік төлем алушыларды қамтиды, - деді Ералы Тоғжанов.

Бұл мақсатқа нақтыланған бюджет жобасында қосымша 111 млрд теңге қарастырылған.