Қызылордалық полицейлер 85 жастағы әжеге жаңа төлқұжат алуға көмектесті
Қызылордалық көші-қон полиция қызметкерлері кейуананың үйіне барып, жаңа төлқұжатын табыс етті.
Қазіргі таңда 85-ке келген Дәмежан Рысмағанбетова – Қызылорда қаласы Тасбөгет кентінің тұрғыны. Тыл ардагері, ұл-қыз өсіріп, одан немере-шөбере сүйіп отырған батыр ана.
Ешқайда бармай-ақ, қызмет алған Дәмежан апа мамандарға алғыс айтып, оларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, ақ батасын берді.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасының көші-қон бөлімінің қызметкерлері құжаттандыру жұмыстарына көбірек көңіл бөледі. Осыған орай арнайы мобильді топ құрылып, қала көлемінде қарт кісілер мен денсаулығы нашар азаматтардың құжаттануын қадағалау мақсатында жиі тексеріс жүргізеді.
-->Қызылордалық көші-қон полиция қызметкерлері кейуананың үйіне барып, жаңа төлқұжатын табыс етті.