Елордада 1 500 отбасына азық-түлік тегін таратылды
Әзірет Сұлтан мешітінде елордадағы әлеуметтік әлсіз топтар қатарына жататын 1 500 отбасына тегін азық-түлік үлестірілді. Демеушілердің көмегімен дайындалған азық-түлік сөмкелерінде ұн, сұйық май, күріш, шай секілді күнделікті тұрмысқа керекті заттардың жиынтығы бар.
Бүгінгі қайырымдылық шарасына еріктілердің де белсенді түрде қатысқанын айта кеткен жөн. Азық-түлік сөмкелерін қызметкерлер мен еріктілер мешіттердің көмегіне жүгінген немесе әкімдікке алдын ала өтініш білдірген қаланың әр аумағындағы мұқтаж жандардың қолына жеткізіп берді.
Ізгілікті шараның игілігін көріп, қоғамның жылуын сезінген Аймағамбетов Нұргүл:
Ерлан МАЗАН
-->Әзірет Сұлтан мешітінде елордадағы әлеуметтік әлсіз топтар қатарына жататын 1 500 отбасына тегін азық-түлік үлестірілді. Демеушілердің көмегімен дайындалған азық-түлік сөмкелерінде ұн, сұйық май, күріш, шай секілді күнделікті тұрмысқа керекті заттардың жиынтығы бар.
«Қайырымды істер марафоны» аясында өтіп жатқан дәстүрлі қайырымдылық шарасында азық-түлік сөмкелері көпбалалы отбасыларға, толық емес отбасыларына, ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасыларына, зейнеткерлер мен бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар азаматтардың отбасыларына жеткізіледі. Мұқтаж жандарға көмек қолын созу – қоғамға ортақ парыз. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мұсылман қауымын қасиетті аймен құттықтай отырып, барша қайырымды жандарды осындай игілікті акцияларға атсалысуға шақырады, – деді қала әкімінің кеңесшісі Қуаныш Молдабек.
Бүгінгі қайырымдылық шарасына еріктілердің де белсенді түрде қатысқанын айта кеткен жөн. Азық-түлік сөмкелерін қызметкерлер мен еріктілер мешіттердің көмегіне жүгінген немесе әкімдікке алдын ала өтініш білдірген қаланың әр аумағындағы мұқтаж жандардың қолына жеткізіп берді.
Ізгілікті шараның игілігін көріп, қоғамның жылуын сезінген Аймағамбетов Нұргүл:
Қасиетті айда мұқтаж жандарға, соның ішінде ерекше бала тәрбиелеп отырған маған да көмек қолын созып, ыстық ықыласын білдіріп жатқан әкімдікке, демеушілерге, еріктілерге мың да бір рақмет! Жомарт жүректі жандарға Алла разы болсын! - деп ағынан ақтарылып, қайырымды жандарға алғысын жаудырды.
Ерлан МАЗАН