Әлеумет

Рамазан айында астана мешіттерінде жарапазан сайысы өтеді

Сондай-ақ ол кез келген діни мәселе бойынша Діни басқарма жанындағы колл-орталыққа 33-30-30 нөмірі арқылы хабарласуға болатынын еске салды.

Е.Жүсіповтің айтуынша, пандемиядан кейін биыл тұңғыш рет қала мешіттерінде тарауық намазы оқылғалы жатыр.

Мұнымен қоса ол Рамазан айында мешіттерде қайырымдылық шаралары көптеп ұйымдастырылатынын атап өтті.

-->

Шариғат бойынша балиғат жасына толған, ақыл-есі дұрыс әрбір мұсылманға ораза ұстау парыз. Бірақ жолаушы болса, денсаулығында кінараты болса немесе сенімді дәрігерден ұзақ мерзімге ашығу оның денсаулығына зиян келтіретіні туралы мәлімет алған болса, мұндай адамдарға ауыз бекітпеуге шариғатымыз рұқсат етеді, – деді бас имам. 

Сондай-ақ ол кез келген діни мәселе бойынша Діни басқарма жанындағы колл-орталыққа 33-30-30 нөмірі арқылы хабарласуға болатынын еске салды.

Е.Жүсіповтің айтуынша, пандемиядан кейін биыл тұңғыш рет қала мешіттерінде тарауық намазы оқылғалы жатыр.

Екі жыл бойы індеттің кесірінен мешіттерімізде тарауық намазын өткізе алмадық. Бірақ Алла Тағаланың әр қиыншылық соңынан міндетті түрде жеңілдік келетіні туралы сөзі бар. Міне, биыл, елордадағы барлық 12 мешітте де құптан намазымен бірге тарауық намазы да оқылатын болады, – деді ол.

Мұнымен қоса ол Рамазан айында мешіттерде қайырымдылық шаралары көптеп ұйымдастырылатынын атап өтті.

Қасиетті айда елорда мешіттерінде «Шарапат Рамазан», «Рамазан қоржыны», «Рамазаннан тәбәрік» сияқты қайырымдылық шаралары өтеді. Сондай-ақ биыл жарапазан айту сайыстарын да ұйымдастырамыз. Осылайша халық арасында жарапазан айту дәстүрін қайта жаңғыртып, кеңінен насихаттасақ деген тілегіміз бар, – деді бас имам.