Әлеумет

Нұр-Сұлтанда қанша жылы аялдама бар

-->

Елорда жолаушыларының қоғамдық көлікті күту жайлылығы аясында аялдама пункттері жабық типтегі (жылы) күту павильондарымен жабдықталуда. Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы 2015-2021 жылдары 130 дана, ал 2018-2021 жылдары Астана әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы 29 дана, Есіл ауданының әкімдігі – 2, Сарыарқа ауданының әкімдігі – 1 және Байқоңыр ауданының әкімдігі 2 аялдама орнатты. Қазіргі уақытта елордада жалпы саны 164 жылы аялдама бар, – деп атап өтті компания өкілдері.