Елорданың қоғамдық көліктері 6 жылда 78%-ға жаңартылды
Елорданың жылжымалы құрамында мыңнан астам автобус бар, 2015 жылдан бастап олардың 78%-ы жаңартылды. Мысалы, 2019-2020 жылдары 100 жаңа автобус – электробус шығарылды. Алдағы уақытта тағы 100 электр автобусын қолданысқа беру жоспарлануда. Елордада қоғамдық көлік желісі 95 маршруттан тұрады, оның ішінде 70 қалалық және 25 қала маңындағы қатынас бар.
Былтыр автобустар саны 10%-ға немесе 806-дан 886-ға дейін көбейген. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады. 2021 жылы 6 жаңа маршрут іске қосылды, сондай-ақ 20 маршруттың схемасы жақсартылды, 31 көше мен 18 ауданда проблемалық учаскелердің көлікке қолжетімдігі бойынша мәселелер шешілді және 9 маршруттағы жылжымалы құрам жаңартылды.
-->2021 жылдың қорытындысы бойынша қоғамдық көлік жұмысын жақсарту үшін бірқатар жұмыс жүргізілді: 6 жаңа маршрут (26, 30, 43, 45, 69, 323) іске қосылды, 20 маршруттың қозғалыс сызбасы өзгертілді және желідегі автобустар саны 806-дан 886 данаға дейін көбейді. Қосшы қаласы және «Лесная поляна» т/а ауданына 302, 303, 320, 323 маршруттары қызмет көрсетеді. 2021 жылы осы бағыттағы маршруттардың жүктемесін азайту үшін 323 маршрут іске қосылды. Алдағы уақытта автобустар мен жүргізушілердің тапшылығына байланысты жаңа бағыттарды одан әрі іске қосу жоспарланып отырған жоқ, - деп түсіндірді компанияның баспасөз қызметі.