Бас мүфти Рамазан айында азық-түлікті арзандатуға шақырды
Наиб мүфти Ершат Оңғар Рамазан айында бағаны жасанды жолмен өсірмеуге шақырды.
-->Қасиетті айда кәсіпкер азаматтарды қасиетті айдың құрметі үшін халқымыздың тұрмыс жағдайын ескеріп, әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен азық-түлік бағасын мүмкіндігінше 10 пайызға дейін төмендетіп, жеңілдік жасауға шақырамыз", – деп мәлімдеді ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай Қажы Тағанұлы.
Наиб мүфти Ершат Оңғар Рамазан айында бағаны жасанды жолмен өсірмеуге шақырды.
Шариғатта спекуляция мен монополияға тыйым салынған. Әрине, ол күнә істердің қатарына жатады. Бағаны жасанды өсіру – күнә. Отандастарымыздың тағы есіне сала кетсек деймін: бұл қасиетті ай – мейірімділік пен қайырымдылық айы. Алла разылығы үшін қайырымды істерді орындасақ, жақсылығымыз Рамазан айында еселеніп алдымыздан шығады, – деді Ершат Оңғар.