Алматы тұрғыны автобусқа атпен кіріп келген (ВИДЕО)
Polisia.kz сайтының мәліметінше, №12 маршруттағы автобуста жылқысын тасымалдаған азамат Ж. анықталды.
Тасымалдау кезінде жануарларға жауапкершілікпен қарау бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу, 407-2-бабында заңды тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеліп соғатыны атап өтілді.
-->Polisia.kz сайтының мәліметінше, №12 маршруттағы автобуста жылқысын тасымалдаған азамат Ж. анықталды.
Біздің бөлімшенің табиғатты қорғау полиция бөлімі жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 12-маршруттағы автобуста жылқысын тасымалдаған азамат Ж-ны анықтады. Ол қателігін бірден мойындап, 407-2 ҚР ҚБ 1-бөлігінің 5-тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осы ретте онымен алдағы уақытта мұндай заң бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді, – деп хабарлады Алматы қаласы Медеу аудандық полиция бөлімінің басшысы Дәурен Өтебаев.