Мектеп көлік картасын жоғалтқан жағдайда не істеу керек
Мектеп көлік картасын қалпына келтіру үшін Қошқарбаев даңғылы 50/1 мекенжайындағы орталық кассаға бара аласыз. Сондай-ақ, картаны Transcard.kz сайтында қалпына келтіруге болады.
Еске сала кетейік, елордада 18 жасқа дейінгі балалар үшін қалада және қала маңында қатынайтын бағдарларда жол жүру тегін. Ол үшін мектеп көлік картасы болуы керек және оны автобус салонында валидациялау қажет.
-->16 жасқа толған оқушылар өз бетімен өтініш бере алады. Қалаған жағдайда, фотосуретті өзгертуге болады. Алайда, егер оқушының жасы 15-тен асқан болса, картаны қалпына келтіру үшін мектеп анықтамасы мен баланың жаңа фотосуреті (3/4) міндетті түрде қажет. Мектеп көлік картасы тек 18 жасқа дейін жарамды. Кәмелетке толғаннан кейін карта бұғатталады және оны пайдалану мүмкін болмайды, – делінген CTS компаниясының хабарламасында.