«Түнде кетіп қалады»: Қостанай облысында ер адам әйелін шынжырмен байлап қойған
Қостанай облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 44 жастағы әйел күйеуін жауапқа тартуды сұрап, арыз жазған. Әйелдің айтуынша, отбасылық жанжал кезінде түнде күйеуі аяғын жылу радиаторына металл шынжырмен байлап тастаған. Ол сол жерде таңға дейін отырған.
Ұсталған адам өз әрекетін жұбайының алкогольді асыра пайдалануымен байланыстырған. Ер адам мұндай әрекетке әйелі түнде кетіп қалмауы үшін барған.
Бұл оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 126-бабы («Бас бостандығынан заңсыз айыру») бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Осы бап бойынша үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
-->Қостанай облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 44 жастағы әйел күйеуін жауапқа тартуды сұрап, арыз жазған. Әйелдің айтуынша, отбасылық жанжал кезінде түнде күйеуі аяғын жылу радиаторына металл шынжырмен байлап тастаған. Ол сол жерде таңға дейін отырған.