Әлеумет

Елордада мұқтаж отбасыларға азық-түлік себеті таратылды

Азық-түлік себеттерін волонтерлер үйді-үйге таратты.

Қайырымдылық себетін алған үйлердің ішінде көпбалалы отбасылар көп. Мәселен, солардың бірі Маржан Гимранова – төрт баланың анасы.

Әлеуметтік көмек алу үшін мұқтаж отбасылар жергілікті әкімдікке жүгінсе болады. Мәселен, елордалық Ольга Чернова да солай істеген.

Айта кетейік, мұқтаж отбасыларға азық-түлік себетін тарату дәстүрі бірнеше жылдан бері жалғасып келеді.

-->

Бүгін Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған қайырымдылық акциясы аясында ауданымыздағы 600-ден аса отбасыға азық-түлік себетін таратып жатырмыз. Акция екі күн қатарынан өтеді. Мұндай қайырымдылық іс-шарасы бүгін алғаш рет өтіп отырған жоқ. Былтыр ауданымызда 50 мың отбасыға осындай әлеуметті көмек берген болатынбыз, - деді Байқоңыр ауданы әкімінің орынбасары Шұғыла Құдайбергенова.

Азық-түлік себеттерін волонтерлер үйді-үйге таратты.

Азық-түлік себетінің ішіне май, қант, ұн, жарма секілді әлеуметтік маңызды азық-түлік салынған. Оларды бүгінде 100-ден аса волонтер көпбалалы, тұрмысы төмен отбасылардың, жалғызбасты қарттардың үйіне таратып жатыр. Жалпы, қалада 5 мыңна жуық волонтер бар. Осындай қайырымдылық шаралары кезінде олар бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып көмектесуге әрқашан әзір, - деді «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы жетекшісінің орынбасары Аян Ерментаев.

Қайырымдылық себетін алған үйлердің ішінде көпбалалы отбасылар көп. Мәселен, солардың бірі Маржан Гимранова – төрт баланың анасы.

Он жылдан бері пәтер жалдап келеміз. Үй иесі көпбалалы екенімізді ескеріп, үйді арзандау бағаға жалға беріп отыр. Бір баламның көзі ауыратыны себепті, мүгедектік рәсімдемекшімін. Он жылдан бері үй кезегінде тұрмыз. Әкімдікке рақмет, мейрам күндері елеусіз қалдырмай, көмектесіп тұрады, - деді ол.

Әлеуметтік көмек алу үшін мұқтаж отбасылар жергілікті әкімдікке жүгінсе болады. Мәселен, елордалық Ольга Чернова да солай істеген.

Үш аптадай бұрын тұңғыш рет әкімдікке жүгініп, әлеуметтік көмек сұрадым. Өйткені қазір азық-түлік бағасы аспандап кетті, шынымен дәл қазір көмекке мұқтаж болып отырғанбыз. Көмектескендері үшін алғысымды білдіремін. Себеттің ішіндегілердің бәрі – нағыз ең керекті азық-түліктер екен. Әрдайым халықтың алғысына бөлене беріңіздер, - деді көпбалалы келіншек.

Айта кетейік, мұқтаж отбасыларға азық-түлік себетін тарату дәстүрі бірнеше жылдан бері жалғасып келеді.