Әлеумет

35 мыңнан астам ОСИ мен қарапайым серіктестік құрылды

Басқарудың жаңа нысандарының басым бөлігі Ақмола, Жамбыл, Қостанай, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласында орналасқан.

Көп пәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа нысандары «мүлік иелерінің бір бірлестігі — бір шот» қағидаты бойынша жұмыс істейді. Осылайша, тұрғындардың жиналған қаражатын пайдаланудың ашықтығы қамтамасыз етілді. Қаражат тек нақты көп пәтерлі тұрғын үйді басқаруға және күтіп-ұстауға жұмсалады.

Естеріңізге салсақ, пәтер иелері кооперативтерінің орнына ОСИ мен қарапайым серіктестіктер 2020 жылдың 7 қаңтарынан бастап күшіне енген заң шеңберінде құрылған болатын.

-->