Қазақстандық тұтынушылардың 21%-ы ғана өз құқығын қорғай алады
«Әділет» қоғамдық бірлестігі былтыр тұтынушылардың құқығын қорғау мәселелері бойынша Қазақстанның 17 өңірінде әлеуметтік сауалнама жүргізген.
Ол бүгінде тұтынушыларға заңды түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.
-->«Әділет» қоғамдық бірлестігі былтыр тұтынушылардың құқығын қорғау мәселелері бойынша Қазақстанның 17 өңірінде әлеуметтік сауалнама жүргізген.
Біз 20 мың адам қатысқан сауалнама жүргіздік. Оның қорытындысы тұтынушылардың өз құқығын білмейтінін көрсетті. Сұраққа жауап бергендердің 65,9%-Ы заңды білетінін, бірақ оны пайдаланбайтынын айтқан. Тұтынушылардың арасында заңды пайдаланатындардың үлесі – 21%. Егер олар заңды білсе, оны пайдаланса, бізге түсетін шағымдар саны азаяр еді, – деді Ерлан Томпиев.
Ол бүгінде тұтынушыларға заңды түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.