Алматы облысында ер адам қабірді қиратып тастаған
Талғардағы зираттың қиратылғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде 8 наурызда пайда болды. Белгісіз біреулер құлпытасты төңкеріп тастаған. Полиция қылмыстық іс қозғады.
Жерлеу орнын қорлады деген күдікпен Талдыбұлақ ауылының 38 жастағы тұрғыны ұсталды. Полиция мәліметінше, ол құлпытасты құлатқанын мойындаған.
Ер адам Қылмыстық кодекстің 314-бабы бойынша айыпталып отыр. Тергеу кезінде күдіктіге қатысты «келу туралы міндеттеме» процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ұсталған адамға ірі көлемде ақшалай айыппұл, түзеу жұмыстары, үш жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе шектеу шарасы қолданылады.
-->Талғардағы зираттың қиратылғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде 8 наурызда пайда болды. Белгісіз біреулер құлпытасты төңкеріп тастаған. Полиция қылмыстық іс қозғады.
Жерлеу орнын қорлады деген күдікпен Талдыбұлақ ауылының 38 жастағы тұрғыны ұсталды. Полиция мәліметінше, ол құлпытасты құлатқанын мойындаған.
Ол наурыздың басында мас күйде құлпытасқа зақым келтіргенін айтты. Ұсталған азамат мұндай әрекетке не себеп болғанын түсіндіре алмады, - деп хабарлады Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі.