Әлеумет

Amanat партиясының мобильді қоғамдық қабылдаулары шалғай ауылдардан басталды

Кезектен тыс ХХІІ съезде Amanat партиясының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев партия жұмысын қайта құруды тапсырып, қоғамдық қабылдау бөлмелері тек шағымдармен ғана емес, елді дамыту бойынша нақты идеялармен келетін азаматтар үшін өз ойлары мен ұсыныстарын ортаға салатын орынға айналуы тиіс екенін атап өтті.

Алдағы үш айда мобильді қоғамдық қабылдаулар Қазақстанның барлық өңірлерін аралап, шалғай ауылдарға ерекше көңіл бөледі. Мобильді қабылдау бөлмелерінің жұмысына мәслихат депутаттары –партия фракциясының мүшелері, өңірлік филиалдардан Бюро мен Саяси кеңес мүшелері, қоғамдық кеңестер мен мемлекеттік органдардың өкілдері және т.б. қатысады.

Мобильді қоғамдық қабылдаулар тұрақты түрде жұмыс істейтін болады.

Күні бүгін партия мүшелері Ақмола және Қарағанды облыстарының тұрғындарымен кездесуге келді.

Amanat партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің жетекшісі Әлия Садырбаеваның айтуынша, бірінші күні 100-ге жуық адам қабылданған.

-->

Азаматтарды көшпелі қабылдауды жиі өткізіп, шалғай ауылдардың тұрғындарымен кездесу керек, - деп атап өтті сол кезде партия төрағасы.

Алдағы үш айда мобильді қоғамдық қабылдаулар Қазақстанның барлық өңірлерін аралап, шалғай ауылдарға ерекше көңіл бөледі. Мобильді қабылдау бөлмелерінің жұмысына мәслихат депутаттары –партия фракциясының мүшелері, өңірлік филиалдардан Бюро мен Саяси кеңес мүшелері, қоғамдық кеңестер мен мемлекеттік органдардың өкілдері және т.б. қатысады.

Мобильді қоғамдық қабылдаулар тұрақты түрде жұмыс істейтін болады.

Күні бүгін партия мүшелері Ақмола және Қарағанды облыстарының тұрғындарымен кездесуге келді.

Amanat партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің жетекшісі Әлия Садырбаеваның айтуынша, бірінші күні 100-ге жуық адам қабылданған.

Ауыл тұрғындары партияның аудандық немесе облыстық филиалына әрдайым келе бермейді және оларға мәселені облыстық мәслихаттағы партия фракциясының депутаттарына жеткізу оңай емес. Біз тұрғындардың түйінді мәселелерді алға тартып келуін күтіп отырмай, оларға өзіміз барамыз. Бұл бір реттік акция емес, енді тұрақты түрде болады. Бұл тіпті, шалғай ауылдардың проблемаларын назарға алып, сол бойынша жүйелі шешімдер қабылдау үшін ақпаратты талдауға мүмкіндік береді, - деп атап өтті Әлия Садырбаева.