Әлеумет

«Қатынқұмар емеспін»: Танымал композитор өзге әйелдерден бірнеше баласы бар екенін айтты (ВИДЕО)

Бұл туралы ол «Менің өмірім» бағдарламасында айтты.

Композитордың айтуынша, ол жұбайымен 1997 жылы танысып, үйленген. Бүгінде жары Эльмира екеуі тәрбиелеп отырған 4 ұл, 1 қызы бар. 

Қалдыбек Құрманәлі бір-ақ рет үйленгенін, дегенмен, ұнатқан қыздарының көп болғанын жасырмады. 

 

-->

Бұл туралы ол «Менің өмірім» бағдарламасында айтты.

Композитордың айтуынша, ол жұбайымен 1997 жылы танысып, үйленген. Бүгінде жары Эльмира екеуі тәрбиелеп отырған 4 ұл, 1 қызы бар. 

Эльмира менен 9 жас кіші. 4 ұл, 1 қыз туды. Бәрін менен туды деп ойлаймын. Қожаның қызы, түбі – араб. Кейде маған: «Қалеке, қазақты, ұлтымды жақсы көрем деп әңгіме айтасың. Неге қазақтың қызын алмадың?» – дейді. Бүкіл қазақтың қызы – менің қарындасым, қазақтың қызын қалай аламын? – дейді ол. 

Қалдыбек Құрманәлі бір-ақ рет үйленгенін, дегенмен, ұнатқан қыздарының көп болғанын жасырмады. 

Бәрінің аты-жөнін, қай қалада тұратынын білемін. Олардың бірнешеуінен балам да бар. Өз өмірім жайлы кітап жазып жатырмын, сол жерде бәрін айтамын. Жасыратын ештеңе де жоқ менде. Санаған жоқпын, оны есептеу үшін арнайы есептегіш құрал болмаса, арнайы уақыт бөлу керек. Бұл менің жүргіштігім немесе қатынқұмарлығым емес, – деді танымал композитор.