Әлеумет

Алматыда клиенттерді алдаған банк кеңесшісі ұсталды

Қыздың қылмыстық әрекеттерді жүзеге асыру мақсатында банкке тағылымдамадан өтуші ретінде жұмысқа орналасқаны анықталды. Ол банк кеңесшісі болған. Оның міндеттеріне клиенттердің смартфондарына мобильді қосымша орнату және оның банк карталарының ресурсына бекіту кірген.

Ол кейбір жағдайларда өзінің смартфоны арқылы жеке кабинет ашқан. Ал мұны клиенттің камерасы бейнетексерістен өтпейтініне байланысты деп түсіндірген. Бұл банк қызметкеріне клиенттердің жеке деректерін білуге мүмкіндік берген. Содан кейін клиенттердің жеке деректері мен құпия сөздерін қолданып, қосымшаға кіріп, олардың шоттарынан ақша алған. Көбінесе ол басқа адамдардың карталарына ақша аударып отырған.

Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабында көзделген «Алаяқтық» бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Оның басқа да заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғы тексеріледі.

-->