Дәурен Абаев рәміздердің 30 жылдығын мерекелеуге арналған кеңес өткізді
Оның айтуынша, Мәдениет және спорт министрлігінің алдында мемлекеттік рәміздердің мерейтойын жоғары деңгейде өткізу міндеті тұр. Бұл ретте, министр атап өткендей, негізгі назар іс-шаралардың саны мен көлеміне емес, олардың мән-мазмұны мен ұйымдастыру сапасына аударылатын болады. Атап айтқанда, ғылыми-практикалық конференциялар, мектептерде ашық сабақтар мен сынып сағаттарын, көрмелер және т.б. өткізу жоспарланған.
Дәурен Абаев іс-шаралар мен кампанияларға қатысудың мәжбүрлі тәртібін болдырмауға шақырды.
Кеңес барысында мемлекеттік Елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібеков, ғалым Жамбыл Артықбаев, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев және Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Азамат Мұхамедчинов сөз сөйледі.
-->Тарихи тұрғыдан алғанда, еліміздің басты рәміздері еркіндікті бейнелейді және азаматтарымызға патриоттық рух береді. 30 жыл ішінде қоғамда мемлекеттік рәміздерді құрметтеу мәдениеті қалыптасты, енді оны қолдап және ілгерілету қажет, - деп атап өтті Дәурен Абаев.
Оның айтуынша, Мәдениет және спорт министрлігінің алдында мемлекеттік рәміздердің мерейтойын жоғары деңгейде өткізу міндеті тұр. Бұл ретте, министр атап өткендей, негізгі назар іс-шаралардың саны мен көлеміне емес, олардың мән-мазмұны мен ұйымдастыру сапасына аударылатын болады. Атап айтқанда, ғылыми-практикалық конференциялар, мектептерде ашық сабақтар мен сынып сағаттарын, көрмелер және т.б. өткізу жоспарланған.
Дәурен Абаев іс-шаралар мен кампанияларға қатысудың мәжбүрлі тәртібін болдырмауға шақырды.
Атқарылатын жұмыстың басты мақсаты – отандастарымыздың, әсіресе жастардың мемлекеттік рәміздер күнін жан-жүрегімен сезініп, мақтан тұтуына жағдай жасау – бұл Президент айқындаған "Жаңа Қазақстанды" құру жолындағы маңызды қадам, - деді министр.