Қазақстанда 590 мың азамат баспана кезегінде тұр
-->
Бүгінгі таңда тұрғын үй кезегінде 590 мың азамат тұр. Оның ішінде 69,3 мың әлеуметтік осал жағдайдағы азаматтар бар. Осы мұқтаж жандарды қолдау үшін оларға мемлекет қаражаты есебінен нарықтан баспананы жалға алу құнының жартысын өтеу ұсынылады. Инфрақұрылымдық жобаларды одан әрі іске асыру үшін 160 мыңға дейін жеке жер учаскесіне қажетті инженерлік инфрақұрылым жүргізіледі, – деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында.