Балаларға жасалатын буллингке тосқауыл қойылады
Бұл норма Мәжілісте екінші оқылымда мақұлданған бала құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі заң жобасында жазылған.
Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мәліметінше, оқушылардың 12 пайызы буллингке ұшырайды. 11-15 жастағы балалардың 11 пайызы әлеуметтік желілердегі кибербуллингке қатысқан немесе осындай жағдайға ұшыраған. Былтыр кибербуллинг деректері бойынша 78 мың өтініш тіркелген.
Оның айтуынша, заң жобасы «кибербуллинг» және «қудалау» терминдеріне анықтама береді. Ол - қорлау сипатындағы жүйелі әрекеттер, қорқыту, қудалау, сондай-ақ кез келген әрекетті жасауға немесе одан бас тартуға мәжбүрлеу. Бұл әрекет қоғамдық салада немесе телекоммуникация желісінде, сондай-ақ әлеуметтік желілерді қолдана отырып, дәл осындай әрекеттер жасау арқылы жүзеге асады.
-->

Платформалар, 100 мыңнан аса қолданушысы бар әлеуметтік желілер Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі кибербуллинг деректері бойынша өзара іс-қимыл жүргізетін өз өкілін тағайындауы тиіс. Мысалы, ата-ана АҚДМ-ға баласына әлеуметтік желілерде кибербуллинг жасалды деген арызбен жүгінсе, АҚДМ-да үш күн ішінде шаралар қабылдануы қажет. Осы үш күн ішінде олар ақпаратты тексеріп, әлеуметтік желі өкіліне жібереді. Өкіл 24 сағат ішінде балаларға қатысты кибербуллинг бар контентті, ақпаратты жоюы тиіс, - деп түсіндірді заң жобасын депутат Динара Закиева.
Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мәліметінше, оқушылардың 12 пайызы буллингке ұшырайды. 11-15 жастағы балалардың 11 пайызы әлеуметтік желілердегі кибербуллингке қатысқан немесе осындай жағдайға ұшыраған. Былтыр кибербуллинг деректері бойынша 78 мың өтініш тіркелген.
Оның айтуынша, заң жобасы «кибербуллинг» және «қудалау» терминдеріне анықтама береді. Ол - қорлау сипатындағы жүйелі әрекеттер, қорқыту, қудалау, сондай-ақ кез келген әрекетті жасауға немесе одан бас тартуға мәжбүрлеу. Бұл әрекет қоғамдық салада немесе телекоммуникация желісінде, сондай-ақ әлеуметтік желілерді қолдана отырып, дәл осындай әрекеттер жасау арқылы жүзеге асады.
Қазір ең ірі әлеуметтік желілермен келіссөздер жүргізілді. Олар - Facebook, Instagram, LinkedIn. Алдын ала мәліметтер бойынша, Гонконгта министрлік байланыста болатын өкілдер анықталды, - деп қосты ол.