Әлеумет

Елордада мұқтаж отбасыларға азық-түлік себеттерін тарату жалғасып жатыр

Бүгін Халықаралық әйелдер күні қарсаңында "Игі істер марафоны" акциясының екінші күні жалғасты. Еріктілер әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға азық-түлік жиынтықтарын жеткізді. 

Елордада 6-8 наурыз аралығында «Игі істер марафоны» аясында 500-ден астам азық-түлік себетін тарату жоспарланған. Азық-түлік жиынтығына күнделікті қажетті өнімдер кіреді. Олардың арасында күнбағыс майы, ұн, күріш, жарма, қант, шай, макарон өнімдері, ет консервілері, кәмпиттер, балаларға арналған тәттілер бар. Көмек елорданың барлық төрт ауданында тұратын отбасыларға көрсетіледі.

Еске сала кетейік, елорда әкімдігі Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Қайырымдылық марафоны» атты акцияны бастаған болатын.

-->

Еріктілерге және қала әкімдігіне алғысымды білдіремін. Мен жалғызбасты анамын, мұндай сыйлықтар мерекелік көңіл-күйді көтереді. Алла барлығыңызға денсаулық берсін, – деді елорда тұрғыны Аманжан Қошанова.