Мамандық таңдауда қателеспедім – полиция майоры
Жазира Дүйсетаева – елордадағы Полиция департаменті кадр саясаты басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі инспекторы.
Ол 1984 жылы 2 сәуірде Қарағанды облысы Қарқаралы қаласында дүниеге келген.
2000 жылы Қарағанды қаласындағы №27 мектепті тәмамдап, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетіне түскен. Полиция майоры Ішкі істер қызметінде 2008 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Алғашқы қызметін Қарағанды қаласындағы полиция департаментінен бастаған.
Полиция майоры батырлық пен батылдықтан құр алақан емес. Халқының қамын ойлап, елдің тыныштығын күзетеді. Сертіне адал, ісіне әділ. Ер азаматтармен иық тіресе жұмыс істейтін Жазираның бірқатар тәжірибесі де бар.
Қоғамда кез келген мамандық құнды. Мәселен, ұстаздар – саналы ұрпақ тәрбиелесе, дәрігер – адам жаны үшін күреседі. Ал, полиция маманы – қай уақытта да қауіп пен қатерге толы сәттерде жүреді. Күн-түн демей, уақытпен санаспай жұмыс істеуге әдеттенген.
Қоғам тыныштығын күзету, оны асқан жауапкершілікпен атқару оңай емес екендігі бәрімізге белгілі. Ереже, тәртіп бәріне бірдей. Жазира да ерлермен тең дәрежеде қызмет атқарып, өмірлік тәжірибесінде талай жетістіктерге де жетіп үлгерген. Жұмысына деген адалдығы, халыққа қалтқысыз қызметі еленіп, бірнеше мәрте марапат төрінен де көрініп жүр. Отбасында бір ұл, екі қыз тәрбиелеп отырған аяулы ана. Қызы Айзада – Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 3-курс студенті, ұлы Әділет мектеп оқушысы. Кішкентай қызы музыка саласына жақын, әртүрлі байқаулардың жүлдегері.
Мереке қарсаңында Жазира да арулар мен қыз-келіншектерді, аналарды құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Айзада Жайыққызы
-->Жазира Дүйсетаева – елордадағы Полиция департаменті кадр саясаты басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі инспекторы.
Ол 1984 жылы 2 сәуірде Қарағанды облысы Қарқаралы қаласында дүниеге келген.
2000 жылы Қарағанды қаласындағы №27 мектепті тәмамдап, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетіне түскен. Полиция майоры Ішкі істер қызметінде 2008 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Алғашқы қызметін Қарағанды қаласындағы полиция департаментінен бастаған.
Мамандық таңдауда қателеспедім деп ойлаймын. Кез келген мақсатыңа жету үшін қиындықты еңсеруге тура келеді. Әр мамандықтың қызығымен бірге қиындығы да қатар жүреді. Антқа адалдық танытып, Отанға қызмет ету – отбасылық міндетім. Себебі, әкем осы қызметте жұмыс істеді. Әке қызметіне бала күнімнен қызығып өстім, - дейді ол.
Полиция майоры батырлық пен батылдықтан құр алақан емес. Халқының қамын ойлап, елдің тыныштығын күзетеді. Сертіне адал, ісіне әділ. Ер азаматтармен иық тіресе жұмыс істейтін Жазираның бірқатар тәжірибесі де бар.
Әкесі Саят ғұмырын құқық қорғау саласына арнаған жан. Қазір өмірден өтіп кетсе де, оның ғұмыр бойы атқарған қызметі бізге үлгі болды. Інім екеуміз бала күнімізден болашағымызды осы саламен байланыстырдық. Ал анам Хадиша Нұр-Сұлтан қаласындағы №37 мектеп-лицейде мұғалім болып қызмет етеді, - деді Жазира.
Қоғамда кез келген мамандық құнды. Мәселен, ұстаздар – саналы ұрпақ тәрбиелесе, дәрігер – адам жаны үшін күреседі. Ал, полиция маманы – қай уақытта да қауіп пен қатерге толы сәттерде жүреді. Күн-түн демей, уақытпен санаспай жұмыс істеуге әдеттенген.
Құқық қорғау қызметінде әйел немесе ер адам деп бөлінбейді. Күн-түн демей, бірге қызмет атқарамыз. Жұмыстан тыс уақытта балалармен уақыт өткіземін. Бос уақытымда фортепианино ойнаймын, - деді полиция майоры.
Қоғам тыныштығын күзету, оны асқан жауапкершілікпен атқару оңай емес екендігі бәрімізге белгілі. Ереже, тәртіп бәріне бірдей. Жазира да ерлермен тең дәрежеде қызмет атқарып, өмірлік тәжірибесінде талай жетістіктерге де жетіп үлгерген. Жұмысына деген адалдығы, халыққа қалтқысыз қызметі еленіп, бірнеше мәрте марапат төрінен де көрініп жүр. Отбасында бір ұл, екі қыз тәрбиелеп отырған аяулы ана. Қызы Айзада – Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 3-курс студенті, ұлы Әділет мектеп оқушысы. Кішкентай қызы музыка саласына жақын, әртүрлі байқаулардың жүлдегері.
Мереке қарсаңында Жазира да арулар мен қыз-келіншектерді, аналарды құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Барлық нәзік жандылар қауымын 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, бақыт пен қуаныш тілеймін! Жылдың әр күні сіздерге тек қана жақсылық пен игілік әкелсін! - деді ол.
Айзада Жайыққызы