Әлеумет

Елордадағы 500 отбасыға азық-түлік себеті таратылды

Азық-түлік себетінің ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері, атап айтсақ, күнбағыс майы, ұн, макарон өнімдері, жарма өнімдері, қант және басқа да өнімдер бар. 

Сондай-ақ қалалық әкімдік өкілі әйелдер мен қыздарды мерекемен құттықтады.

-->

Қала әкімдігі демеушілермен бірлесіп, бүгінгідей қайырымдылық акциясын ұйымдастырып жатыр. Оның аясында әлеуметтік осал топқа жататын елордалық отбасылар азық-түлік себеттерін алды. Бұл тізімге көпбалалы аналар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар және толық емес отбасылар кіреді, – дейді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кеңесшісі Қуаныш Молдабек.

Азық-түлік себетінің ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері, атап айтсақ, күнбағыс майы, ұн, макарон өнімдері, жарма өнімдері, қант және басқа да өнімдер бар. 

Мен бес баланың анасымын. Елорда әкімдігі мен волонтерлердің тарапынан берілген осындай күтпеген сыйлық үшін алғысымды білдіремін. Мейрам қарсаңында бізді ескерусіз қалдырмағанына қуаныштымын, – дейді көпбалалы ана Арайлым Әріпова.

Сондай-ақ қалалық әкімдік өкілі әйелдер мен қыздарды мерекемен құттықтады.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі барлық әйелдерді мерекемен құттықтайды және елорданың барлық азаматтарын осындай қайырымдылық акциясына қатысуға шақырады, – деді Қуаныш Молдабек.