Әлеумет

«Күйеуім де еркек, мен де «еркекпін»: Тараздық келіншек өзінің әйел екенін дәлелдей алмай жүр (ВИДЕО)

«Астана» телеарнасындағы сюжетте айтылғандай, келіншек 4 жылдан бері құжатын түзетемін деп қақпаған есігі қалмағанын айтып, ашынып жүр. «Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің» дегендей, АХАЖ бөлімі заңды некеге де тіркемей, кері қайтарған. Ай-күні жақын отырған келіншек ертең баласына құжат алу қиынға соға ма деп те қорқады.

Қала тұрғыны құжатта әлдекімнің жауапсыздығынан кеткен қатенің залалын тартып жүр. Нұрзат 2000 жылы дүниеге келген. Ал құжаттағы қатені жасы 18-ге толғанда ғана біліп, аң-таң болған. Содан бері мемлекеттік мекемелердің табалдырығын тоздырып, өзінің әйел екенін дәделдей алар емес. Туу туралы куәлігін түзетемін деп Халыққа қызмет көрсету орталығына барған. Ал ондағылар перзетханаға жіберген. Ол мекеме жабылып қалғандықтан мұрағаттан құжаттар іздегенін айтады. Бірақ еш нәтиже болмапты. Керісінше барған жердегілер өзін мазақ қылған. Ал тұрмысқа шыққанда жағдай тіпті қиындапты.

Тұрмысқа шыққанда жағдай тіпті қиындапты. АХАЖ бөлімі екі ер адамды некеге отырғызбайтынын айтып, шығарып салған. Халыққа қызмет көрсету орталығына біз де сұрау салдық. Құжаттағы қатені қалай жіберіп алғандарын сұрадық. Мекеме басшысы мұндай жағдайға бірінші рет тап болып тұрғанын айтып, таңғалды.

Халыққа қызмет көрсету орталығы құжаттағы қатені жуық арада реттеп беруге уәде етті. Жас отбасы Нұрзаттың құжаттары реттелсе, бірінші кезекте некеге тұруды көздеп отыр.

-->

Мен қызбын ғой, жөндетуге келдім деп едім. «Жоқ, может сен геніңді ауыстырған шығарсың», былайша айтқанда, трансгендер шығарсың деп әзіл ұстады. Құдай қаласа, 3 айдан кейін босанам, документ қайтадан алдымнан шығатын болса, күйеуім де ер азамат, өзім де ер азамат. Білмеймін еркектен еркек қалай туылатынын, – дейді Тараз қаласының тұрғыны Нұрзат Қалдыбаева.

Тұрмысқа шыққанда жағдай тіпті қиындапты. АХАЖ бөлімі екі ер адамды некеге отырғызбайтынын айтып, шығарып салған. Халыққа қызмет көрсету орталығына біз де сұрау салдық. Құжаттағы қатені қалай жіберіп алғандарын сұрадық. Мекеме басшысы мұндай жағдайға бірінші рет тап болып тұрғанын айтып, таңғалды.

Болады, әрпі дұрыс емес. «Ә»-ні «А»-ға ауыстырып қояды. «Ұ»-ны «Ү»-ге дегендей. Оның бәрін өзгертіп, жөндеп беріп жатырмыз. Ал қызды ер қып өзгерту бірінші рет болып тұр. Ең бастысы, шешіледі заң шеңберінде. Бәрін жасап береміз, – дейді Тараз қалалық №1 Халыққа қызмет көрсету бөлімінің басшысы Шалқар Елемес.