Әлеумет

«Мерейлі отбасы» байқауы жаңа форматта өткізіледі

Умаров сондай-ақ қоғамдық сананы жаңғырту бағыттарындағы жұмыстар туралы да айтты.

 

-->

Биыл «Мерейлі отбасы» конкурсын жаңа ақпараттық форматта өткізуді жоспарлап отырмыз. Оның ішінде, отбасылық құндылықтарды дәріптеуде аймақтарда үкіметтік емес ұйымдар, жастар ресурстық орталықтары кеңінен тартылады деп жоспарлануда, - деді министр.

Умаров сондай-ақ қоғамдық сананы жаңғырту бағыттарындағы жұмыстар туралы да айтты.

Былтырдан бастап бағдарлама өскелең ұрпақты, әсіресе оқушыларды және мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуге басымдық бердік. «Ұлттық тәрбие», Tiji және Nickelodeon арналарының балалар контентін қазақ тіліне аудару секілді ауқымды жобаларды жүзеге асырып жатырмыз. Айтпақшы, Tiji және Nickelodeon қазақ тілінде жақында шығады, тұсаукесері өтеді, - деді ведомство басшысы.