ІІМ 1 069 қару мен 22 мыңға жуық оқ-дәріні тәркіледі
-->
Түсіндіру жұмысынан кейін азаматтардың қарудың 100-ден артық бірлігін өз еркімен тапсырғанын атап өтеміз. Осыған байланысты азаматтарды күдікті адамдар, атыс және суық қаруды заңсыз сақтау мен сату туралы белгілі ақпаратты полицияға хабарлауды тағы да сұраймыз. Қылмыстық элементтер заңсыз айналымға түскен қаруды кез келген уақытта бейбіт азаматтарға қарсы қолдана алады. Осы орайды пайдалана отырып, әрқайсысыңызды, әсіресе, зардап шеккен және қаңтар оқиғаларына қатысты қандай да бір мәліметтері бар азаматтарды тыңдауға дайын екенімізді білдіреміз, - деп түйіндеді С.Әділов.