Әлеумет

Үздік бизнес-леди анықталды

Бас жүлде ретінде Ессентукиге екі адамдық жолдама тігілді.

Байқау үш кезеңнен тұрды. Әр үміткер өзі және бизнесі жайлы баяндап, зал қонақтары мен қазылар алқасының сұрақтарына жауап берді, сондай-ақ шығармашылық қабілеттерін де паш етті. Үміткерлер іс-шараға қатысып қана қоймай, сонымен қатар өзара танысып, бизнестерінің көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік алды.

Қазылар алқасының дауыс беруі нәтижесінде бас жүлдені PREMIUM PAINT сауда-құрылыс компаниясының басшысы Қарлығаш Нұрқабекова иеленді. 

Айта кету керек, Business Woman KZ – кәсіпкер әйелдерді, жетекшілерді, бизнес иелерін ортақ құндылықтарға, мүдделерге және идеяларға жұмылдыратын кәсіби бизнес-қауымдастық. Қоғамдық бірлестіктің филиалдары бүгінде еліміздің сегіз өңірінде табысты жұмыс істеп жатыр. Бес жылдан бері әр облыста байқаулар өткізіліп, ондағы жеңімпаздар республикалық сайыста бақ сынауға мүмкіндік алуда. Одан бөлек, қоғамдастық мүшелері әлеуметтік жобаларға да атсалысып жүр.

-->