Әлеумет

Қазақстанда запастағы офицерлер әскери қызметке шақырылады

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, запастағы офицерлерді шақыру жыл сайын жүзеге асырылады. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңының 32-бабына сәйкес, әскери қызметке жарамды 29 жасқа дейінгі запастағы офицерлер Үкімет қаулысы негізінде уәкілетті органдардың өтінімдері бойынша бейбіт уақытта офицерлер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін шақырылады.

Биыл запастағы 190 офицер, оның ішінде Қарулы күштердің 150 офицері және Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің 40 офицері әскерге шақырылатын болады.

-->