АИТВ жұқтырған қазақстандықтардың 80 пайыздайы өз статусынан хабардар
АИТВ-ға байланысты қандай да бір кемсітушілікке жол бермеу туралы Конституцияда, Халық денсаулығы туралы Кодексте және ҚР Денсаулық сақтау жүйесінде заңнамалық деңгейде бекітілген.
Қазіргі таңда елімізде ЮНЭЙДС 95-95-95 стратегиясы іске асырылуда, ол АИТВ инфекциясының алдын алуды, тестілеуді, емдеуді және күтімді қамтамасыз етуге бағытталған. Бүгінгі таңда АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың 81 пайызы өздерінің мәртебесін біледі, олардың 79 пайызы антиретровирустық терапияны (АРТ) қабылдайды, АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың 86 пайызында вирустық жүктеме басылған.
ЖИТС, туберкулез және безгекпен күресуге арналған Жаһандық Қордың қаржылық көмегі арқасында ЖИТС өңірлік орталықтарының 15 зертханасы автоматтандырылған ПТР жабдығын алды. Жыл сайын негізгі қатер топтарының өкілдері мен жүкті әйелдер АИТВ-ға көбірек тестіленуде. АИТВ-мен ауыратын әйелдердің 98%-ы өмірге дені сау сәби әкеліп жатыр. АРТ қолжетімді болуда, ол науқастарға диагноздан кейін бірден тағайындалады және тегін беріледі. ҚР Денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының нысаналы көрсеткіші кезінде АРТ-мен қамту 79%-ды құрайды.
-->АИТВ-ға байланысты қандай да бір кемсітушілікке жол бермеу туралы Конституцияда, Халық денсаулығы туралы Кодексте және ҚР Денсаулық сақтау жүйесінде заңнамалық деңгейде бекітілген.
Қазіргі таңда елімізде ЮНЭЙДС 95-95-95 стратегиясы іске асырылуда, ол АИТВ инфекциясының алдын алуды, тестілеуді, емдеуді және күтімді қамтамасыз етуге бағытталған. Бүгінгі таңда АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың 81 пайызы өздерінің мәртебесін біледі, олардың 79 пайызы антиретровирустық терапияны (АРТ) қабылдайды, АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың 86 пайызында вирустық жүктеме басылған.
ЖИТС, туберкулез және безгекпен күресуге арналған Жаһандық Қордың қаржылық көмегі арқасында ЖИТС өңірлік орталықтарының 15 зертханасы автоматтандырылған ПТР жабдығын алды. Жыл сайын негізгі қатер топтарының өкілдері мен жүкті әйелдер АИТВ-ға көбірек тестіленуде. АИТВ-мен ауыратын әйелдердің 98%-ы өмірге дені сау сәби әкеліп жатыр. АРТ қолжетімді болуда, ол науқастарға диагноздан кейін бірден тағайындалады және тегін беріледі. ҚР Денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының нысаналы көрсеткіші кезінде АРТ-мен қамту 79%-ды құрайды.
Бірақ егер қоғамда АИТВ-мен байланысты стигма мен кемсітушілік деңгейі жоғары болмаса, бұл нәтижелер әлдеқайда көп, басым болуы мүмкін. Бүгінде кемсітушілікті түбегейлі жоюға баса назар аудару қажет. Бұл АИТВ-инфекциясы эпидемиясының өсу қарқынын едәуір қысқартуға ықпал етеді, - дейді ҚР ДСМ Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының директоры Асылхан Әбішев.