Әлеумет

Украинада қазақстандық 50 ауыр жүк көлігі жүргізушісінің орналасқан жері белгілі болды

Сондай-ақ Украинада қалып қойған көлік жүргізушілеріне хабарландыру жарияланды.

-->

Қазірдің өзінде 50 ауыр жүк көлігінің жүргізушісі Украинадағы өзінің орналасқан жері туралы хабарлады. Олардың көпшілігі жүк тиелген көліктерін тастап, елден ұшып кете алмайды. 25 ақпанда Атамекен ҰКП сыртқы істер, сауда министрліктеріне және индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне ресейлік, беларустық, украиндық, польшалық және басқа да тараптардан қазақстандық тасымалдаушылардың Украина аумағынан шығуы үшін «жасыл дәлізді» қамтамасыз ету туралы мәселені пысықтау өтінішімен хат жолдады, - деп жазылған «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының Telegram парақшасында. 

Сондай-ақ Украинада қалып қойған көлік жүргізушілеріне хабарландыру жарияланды.

Біз жүргізушілер туралы мәліметтерді жинауды жалғастырамыз және оларды жедел түрде ведомстволарға жолдаймыз. Егер сіз немесе сіздің компанияңыздың жүргізушісі Украинадан шыға алмай қалса, жеке деректерді +7 778-870-1432 (ҰКП call-орталығы) нөміріне жіберуге болады, - деп хабарлады «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы.