Әлеумет

«Жалақы аз»: Жайлы өмір іздеген жастар жат жұртқа кетіп жатыр

”Астана” телеарнасының мәліметінше, 20 жастағы елордалық Әділ жаз шыға шетелге аттанбақшы. Өзге елде жұмыс істеп, қаражат жинап, Қазақстанда кәсіп ашу жоспары бар. Себебі, елде бір жалақымен жүріп, ақша жинамақ түгілі, күн көрудің өзі қиын дейді.

Сенатор Динар Нөкетаеваның дерегінше, былтыр шетелге жұмысқа кеткен жастардың саны 8,9 процентке өскен. Депутат осыған алаңдаулы. Ол қазақ «гастарбайтерлерінің» үлкен армиясы құрылып жатқанын айтады.    

Әлеуметтанушы Нұрлан Байғабылов та жастардың шетелге жұмысқа аттанып жатқанын құп көрмейді. Оның пайымынша, бұған жалақы, жұмыссыздық қана емес, басқа факторлар да әсер етіп отыр.  

Мамандар қауіптің алдын алуға шақырады. Жалақының аздығы жас жұбайлардың ажырасуына да үлкен себеп болып отырғанын айтады. Сондықтан бұл мәселені мықтап қолға алған жөн дейді.   

-->

Төрт жыл білім алып, кейіннен 100-120 мың теңгелік айлыққа жұмыс істегенше, шетелге барып келгенім артық. АҚШ-тың Пенсильвания штатына қонақ үйде жұмыс істеуге бара жатырмын. Сағатына 14 доллардан төлейді, – дейді студент Әділ Дескелді.

Сенатор Динар Нөкетаеваның дерегінше, былтыр шетелге жұмысқа кеткен жастардың саны 8,9 процентке өскен. Депутат осыған алаңдаулы. Ол қазақ «гастарбайтерлерінің» үлкен армиясы құрылып жатқанын айтады.    

Жастарымыз Қазақстаннан өзіне лайықты жұмыс таппай, өзін және отбасын асырай алмай, жақын және алыс шетелдерге жұмыс істеуге көптеп кететін болды. Былтыр елімізден 18 бен 35 жас аралығын құрайтын  7,5 мыңға жуық қазақстандық елден кеткен, – дейді Парламент Сенатының депутаты Динар Нөкетаева.

Әлеуметтанушы Нұрлан Байғабылов та жастардың шетелге жұмысқа аттанып жатқанын құп көрмейді. Оның пайымынша, бұған жалақы, жұмыссыздық қана емес, басқа факторлар да әсер етіп отыр.  

Әрине, ұзақ уақытқа көшіп кету, сол жаққа тұрғылықты қоныс аудару мемлекет үшін кері әсер етеді. Және де өзінің кәсіби әлеуеттігін, потенциалын толық жүзеге асыру мақсатында шетел олар үшін тартымды болып саналады, – дейді ол.