Елімізде 12 мың адам бостандыққа шығады
Егемендік алғалы елімізде сотталғандарға рақымшылық осымен 9 рет жасалып отыр. Ол азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін қылмыс жасаған адамдарға қолданылады.
Заңға қол қойылған күннен бастап бас бостандығынан айыру мекемелеріндегі 945 қылмыскер босап шықты. Тағы мыңнан астамына жазаның өтелмеген мерзімдерін қысқартты.
Қазіргі таңда елімізде 80 түзеу мекемесі жұмыс істейді. Онда 35 мыңға жуық қылмыскер жазасын өтеп жатыр.Олардың 12 мыңы жыл соңына дейін рақымшылыққа ілігіп, абақтыдан шығады.
-->Егемендік алғалы елімізде сотталғандарға рақымшылық осымен 9 рет жасалып отыр. Ол азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін қылмыс жасаған адамдарға қолданылады.
Заңға қол қойылған күннен бастап бас бостандығынан айыру мекемелеріндегі 945 қылмыскер босап шықты. Тағы мыңнан астамына жазаның өтелмеген мерзімдерін қысқартты.
Қазіргі таңда елімізде 80 түзеу мекемесі жұмыс істейді. Онда 35 мыңға жуық қылмыскер жазасын өтеп жатыр.Олардың 12 мыңы жыл соңына дейін рақымшылыққа ілігіп, абақтыдан шығады.
Қазіргі уақытта соттарға осы рақымшылық заңын қолдану үшін бас бостандығынан айыру орындарынан 2 мың 300 материал жіберілді. Ал пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарға қатысты 9,5 мың материал жіберілді.Осы амнистияның ерекшелігі сот үкімі шыққан бойда босатылады. Бұл рақымшылық заңы тек қана сотталғандарға ғана емес, тергеу қамауындағы адамдарға да қолданылады. Осыған дейін сотталғандарға рақымшылық 2016 жылы жасалған. Ол кезде амнистияға 5 мың адам ілігіп, мыңнан астамы бостандыққа шықты. Алайда олардың тең жартысы қайта қылмыс жасап түрмеге қамалды, - деді ҚР ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің бөлім бастығы Қайрат Асыл.