Әлеумет

Скляр «Қазақстанда көлікке дөңгелек сала салады» деген қауесетке пікір білдірді

 

-->

Өкінішке қарай, қауесет заманында өмір сүріп жатырмыз. Ең сорақысы фейктер заманы. Утильалым деген не? Бұл ең алдымен экологиялық проблеманы шешетін экологиялық налық. Тағы бір маңыздысы бұл меншікті өндірістерді дамыту үшін ынталандыру шарасы. Қазақстан бұл жағынан көшбасшы емес. Қандай да бір шектеулер отандық тауар өндірушілерді қорғау үшін жасалады. Әңгіме автопром туралы болып тұр. "Сарапшылар" таратып жүрген қауесеттің бірі - бізде автопром жоқ, біз көлікке дөңгелек сала саламыз. Зауыттарға барып өз көзімен көрген қоғам белсенділері, блогерлер бар. Олар көрген нәрсесіне қанағаттанды деп ойлаймын, - дейді Скляр.