Әлеумет

Биыл 22 мыңға жуық адамды жұмыспен қамту жоспарланды

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен барлығы 1614 адам қамтылды, оның ішінде 558-і – жастар.

2022 жылы жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 22 мыңға жуық адамды қамту жоспарланды.

 

-->

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен барлығы 1614 адам қамтылды, оның ішінде 558-і – жастар.

2022 жылы жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 22 мыңға жуық адамды қамту жоспарланды.

Оның ішінде: тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылатындар – 7 150 адам. Жұмыспен қамту белсенді шараларымен «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша – 998 азамат қамтылады. Бұл бағдарламаның мақсаты – оқу орнын бітірген жас түлектер мамандық бойынша жұмыс өтілі жоқ болса және жасы 29-ға толмаса, оқу орнын аяқтағанына 2 жылдан аспаса, бағдарламаға жолдап, алдын ала өтіл жинауға арналған бағдарлама. Қазіргі таңда жалақы мөлшері 122 520 теңгені құрайды. Бұл бағдарлама бойынша жалақыны мемлекет төлейді. Әлеуметтік жұмыс орындары – 130 азаматты жолдау жоспалануда. Бұл бағдарлама нәтижесінде жолданған азаматтардың жалақысының 35%-ын мемлекет субцидия жасайды. Қоғамдық жұмыстар – 1 307 азамат; алғашқы жұмыс орны – 179 адамды жолдау жоспарлануда, - деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Азамат Байтасов.