Әлеумет

Елордада жұмыссыздық деңгейі 4,6% болды

2021 жылдың қорытындысы бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығына еңбек делдалдығы үшін 18924 адам жүгінді.

 

-->

2021 жылдың қорытындысы бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығына еңбек делдалдығы үшін 18924 адам жүгінді.

Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 23240 адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамтылды. Тұрақты жұмысқа орналастырылғандар – 7 212 адам; ЖҚЖК жобаларына жұмысқа орналастырылғандар – 260 адам; жастар практикасы бойынша қатысқандар – 914 адам; әлеуметтік жұмыс орындарына – 185 адам; қоғамдық жұмыстарға қатысқандар – 2 848 адам немесе 131% (жоспар бойынша 2 177); «Алғашқы жұмыс орны» жобасына – 91 адам қатысты. Сонымен қатар «Ұрпақтар келісімшарты» жобасына – 2 адам қатысты; қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен 213 адам қамтылды. «Бастау Бизнес» жобасы аясында 1 384 адамға кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға жолдама берілді, - деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Азамат Байтасов.