Томирис Байсафаның анасы марқұм қызын еске алған жазбасымен жұртты тебірентті
Томирис Байсафаның өліміне қатысты «Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу» бабы бойынша іс қозғалып, кейін ол «кісі өлтіру» бабына өзгертілді. Бұл іс бойынша күдікті – Дағыстанның жоғары лауазымды шенеунігі Муртузали Меджиевтің ұлы, Томиристің бұрынғы жігіті.
Оқи отырыңыз: Томирис Байсафаның өлімі: іс қайта қаралады
2021 жылдың жазының басында Мәскеуде өткен алқабилер оны кінәсіз деп тауып, ресейлік күдікті қамаудан босатылды. Қазан айында ақтау үкімінің күші жойылып, іс басқа сотта қаралатын болады.
Томирис Байсафа тірі болса 25 жасқа толар еді.
-->Айфон құлаққаптарың үнемі шатасып тұратын, ал сен оларды бір-бірінен ажыратуға тырысып, балаша қабақ шытушы едің. Сен оны ренжіткен күйде лақтырып жіберетінсің және музыкасыз метрода отыратын едің. Құлаққабың сені ренжіту үшін шатаспайды. Тек сол құлаққап оң жақ құлаққапты жақсы көреді. Олар құшақтасқысы келеді. Ол – махаббат. Бұл - Томпи. Томпи - махаббат. Томпи - жұлдыз. Жұлдызсыз өмір сүру жаман. Жұлдыз - белгі сияқты. Белгі болмаса, адасып кетесің…
Туған күніңмен, Жұлдыз Томирис. Сенің күніңмен менің сүйіктім. Мен сені жанымдай жақсы көремін, - деп жазды марқұмның анасы Жанна Ахметова.