Әлеумет

«Медициналық орталықтың орнына 80 қабатты тұрғын үй»: елорда әкімдігі жауап берді

Қабанбай батыр даңғылындағы Керей, Жәнібек хандар және Орынбор көшелерінің арасындағы жер телімінде, қала тұрғындарымен өткен кездесулерде айтылғандай, медициналық орталық салынады. Бұған дейін «Астана-Мед» ЖШС-ға зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін «Медициналық орталық» нысанын жобалау үшін рұқсат берген болатын.

2021 жылы «Астана-Мед» ЖШС жоғарыда көрсетілген учаскеде құрылыс-монтаждау жұмысын рұқсат құжаттарынсыз бастады. Нұр-Сұлтан қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы құрылыс салушыға қатысты шаралар қабылдап, құрылысты тоқтатты. Қолданыстағы егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес жоғарыда айтылған жер учаскесінде тек медициналық орталық салу көзделгенін атап өткен жөн.

-->

Тағы да айтым өтемін, сол маңдағы тұрғындардың алаңдауына еш негіз жоқ. Жоғарыда аталған учаскеде көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы туралы ешқашан сөз болған емес. Бұл орында медициналық орталық болады. Медициналық орталықтың құрылысы туралы егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы өзгерген жоқ және өзгермейді, - деді елорданың Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрлан Ұранхаев.