Ералы Тоғжанов елордадағы «Бақытты отбасы» орталығында болды
Орталықта 10 мамандыққа оқытады, сондай-ақ психолог, заңгер, дәрігер-терапевт және педиатрдың консультациялық қызметтері, арнайы дағдыларды үйрету, жеке өсу мен ынталандыру тренингтері, тайм менеджмент бойынша түрлі курстар өткізіледі. Оқытудың негізгі мақсаты – тұлғаның адамгершілік-рухани дамуы, конструктивті қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру, отбасылық қарым-қатынастарды құру, кәсіби дағдыларды дамыту.
Кездесу барысында Ералы Тоғжанов орталықтың қызметімен танысып, көпбалалы аналарды, жалғызбасты, сондай-ақ мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған аналарды қолдау және оларды белгілі бір мамандықтарға оқыту, олардың жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру жөніндегі жұмыстың негізгі әдістері талқыланды. Бүгінгі таңда орталықта 1 400-ден астам әйел тіркелген.
Премьер-министрдің орынбасары орталық тыңдаушыларымен кездесулер өткізді, олардың аталған бағыттың қызметін дамыту жөніндегі ұсыныс-тілектерін тыңдады.
Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша осы бағытқа жауапты мемлекеттік органдарға Нұр-Сұлтандағы «Бақытты отбасы» білім беру ақпараттық-консультативтік орталығын одан әрі дамыту жөнінде тапсырмалар берілді.
-->Орталықта 10 мамандыққа оқытады, сондай-ақ психолог, заңгер, дәрігер-терапевт және педиатрдың консультациялық қызметтері, арнайы дағдыларды үйрету, жеке өсу мен ынталандыру тренингтері, тайм менеджмент бойынша түрлі курстар өткізіледі. Оқытудың негізгі мақсаты – тұлғаның адамгершілік-рухани дамуы, конструктивті қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру, отбасылық қарым-қатынастарды құру, кәсіби дағдыларды дамыту.