Әлеумет

Елімізде қар құрсауынан 259 адам құтқарылып, 21 бірлік техника шығарылды

Авариялық-құтқару және автожолдарды қардан тазарту жұмыстарына ТЖМ, ІІМ, жергілікті атқарушы органдар мен жол қызметтерінен 232 адам және 134 бірлік техника жұмылдырылды.

Ауа райының нашарлауына байланысты Нұр-Сұлтан қаласында, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Павлодар және Түркістан облыстарында республикалық маңызы бар автожолдардың 24 учаскесі мен облыстық маңызы бар автожолдардың 42 учаскесі жабылды.

Нұр-Сұлтан қаласында, Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында республикалық және аумақтық жедел штабтар құрылды.

ТЖМ азаматтарға елді мекеннен шыққан кезде қауіпсіздік ережелерін сақтауға кеңес береді. Алыс жолға шығар алдында ауа райы болжамымен танысып, автокөліктің техникалық жай-күйінің дұрыстығына көз жеткізген абзал.

-->

Қазіргі уақытта жылыту пункттерінде 139 адам, оның ішінде 14 бала бар. Блок бекеттерде 664 бірлік техника, оның ішінде 346 жеңіл және 318 бірлік жүк көлігі тұр. Кеше кешке еліміздегі блок бекеттерде 1 400 бірлік көлік тұрған болатын, – делінген хабарламада.