Әлеумет

Жалдамалы пәтер құнының жартысын мемлекет төлейтін жоба қашан басталады

Сондай-ақ ИИДМ басшысы деректер сәйкес келмеген жағдайда ведомство тиісті ұсынымдар әзірлеп, шешімдер қабылдайтынын атап өтті.

Қайырбек Өскенбаев жалдамалы баспананы субсидиялауға өтінімдер қабылдау бойынша цифрлық платформа 15 наурыздан бастап пилоттық режимде іске қосылатынын айтты.

-->

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында министрлік пайдалануға берілген көппәтерлі және жеке тұрғын үйлердің барлығын тексеруді жоспарлап отыр. Ақпан айының соңына дейін әкімдіктер тиісті объектілердің тізімін жасайды. Наурыз айының соңына дейін статистика және әділет органдарының деректер базасымен салыстырып тексеру жүргізіледі, - деді Қайырбек Өскенбаев.

Сондай-ақ ИИДМ басшысы деректер сәйкес келмеген жағдайда ведомство тиісті ұсынымдар әзірлеп, шешімдер қабылдайтынын атап өтті.

Қайырбек Өскенбаев жалдамалы баспананы субсидиялауға өтінімдер қабылдау бойынша цифрлық платформа 15 наурыздан бастап пилоттық режимде іске қосылатынын айтты.

Платформа электрондық цифрлық қолтаңба арқылы өтінім беруді және өтініш берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін автоматты түрде тексеруді көздейді. Ол Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Әділет министрлігі, Мемлекеттік кірістер комитеті, Білім және ғылым министрлігі, Еңбек министрліктердің мемлекеттік деректер базаларымен интеграциялау арқылы іске асырылады. Өтінімдерді қабылдауды 5 сәуірден бастауды жоспарлап отырмыз, - деп түсіндірді министр.